RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Сауд Арабиясымен одақтастықты нығайтты

20.11.2025, 07:35 384

АҚШ Сауд Арабиясын НАТО-дан тыс негізгі одақтас ретінде мойындады. Президент Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман екі ел арасындағы серіктестікті нығайту жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат екіжақты әскери ынтымақтастықты кеңейтуді және Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті күшейтуді көздейді. Енді аймақтағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі ретінде АҚШ-тың рөлі беки түспек.

Бұдан бөлек мәміле америкалық қорғаныс компанияларының Сауд Арабиясындағы жұмысын жеңілдетеді. Ал Корольдік АҚШ-тың аймақтағы әскери шығындарының бір бөлігін өтеп беретін болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz