RU
Толық нұсқаға өту

Израиль соққысынан Газада кемінде 10 адам көз жұмды

20.11.2025, 07:40 340

Израиль ХАМАС-қа қарсы әскери операциясын қайта бастады. Олар Газа секторына шабуыл жасап, салдарынан 10 адам мерт болды. Бұл ақпаратты жергілікті денсаулық сақтау қызметі растады.

Дәрігерлердің хабарлауынша, Шеджая мен Зейтун маңында алты адам көз жұмған. Тағы төрт бейбіт тұрғын Хан-Юнис аймағындағы Маваси ауданында қаза тапқан. Израиль әскері бұл соққыларды ХАМАС тарапынан оқ атылғаннан кейін жасалған жауап шарасы деп мәлімдеді. Әскерилер алты аптаға созылған бітімнің осылайша бұзылғанын алға тартады. Қос тарап та келісімді бұзды деп бір-бірін айыптап отыр. Сарапшылар мұндай жағдайда тыныштықтың ұзаққа созылмайтынын айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz