Жапонияда алапат өрт бой бермей тұр. Күншығыс елінде мұндай апат кейінгі жарты ғасырда болған емес.
Биліктегілер: «тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше күн қажет», – дейді. Өйткені қолайсыз күн райынан бөлек тар көшелерден техника қозғала алмай, қиынға соғып отыр. Өрт сөндіруге әскери тікұшақтар жұмылдырылған.
Еске салайық, 18 қарашада Оита қаласында ғимараттардың бірінен өрт шықты. Лаулаған жалыннан 170-тен аса үй тып-типыл жанып кетті. 1 адам опат болды. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қатты желден орман алқаптарына қауіп төніп тұр. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Тегтер #Жапония #алапат өрт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz