RU
Толық нұсқаға өту

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты

20.11.2025, 19:58 409

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 45 адам жарақат алды. Оқиға Прага қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 132 шақырым жерде тіркелген.

Ауруханаға бес адам ауыр жарақатпен жеткізілді. Тағы шамамен қырық адам жеңіл жарақат алған. Қазір теміржол желісінде қозғалыс тоқтатылған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Арнайы комиссия тергеуді бастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz