RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Украинаға «Бейбіт жоспарды» табыстады

21.11.2025, 09:30 912

Украина президенті АҚШ әзірлеген «бейбіт жоспарды» алды, деп хабарлайды 24KZ. 28 тармақтан тұратын құжатты Владимир Зеленскийге Құрама Штаттардың Жаяу әскер министрі Дэниел Дрисколл ресми табыстады.

Кездесуден соң Украина басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тараптармен диалогқа дайын екенін жеткізді. Алдағы күндері жаңа «бейбіт жоспарды» Дональд Трамппен талқылайтынын мәлімдеді. Ресей тарапы: «Украинадағы қарулы қақтығысты реттеу үшін оның түпкі себебі жойылуы керек», – дейді. Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт: «бейбіт жоспарға» өзгерістер енгізілуі мүмкін», – деп отыр.

Кэролайн Левитт, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- 28 тармақтан тұратын құжатты әзірлеу жұмыстары бір ай бұрын басталды. Оны дайындауға АҚШ-тың арнайы өкілі Стиф Уиткофф пен Марко Рубио атсалысты. Құжатта Ресей мен Украинаның мүддесі бірдей ескерілген. Президент Трамп «бейбіт жоспарды» қолдап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz