Италияның Болонья қаласында өткен Израильге қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты.
Наразылыққа қалада өтіп жатқан баскетбол матчына израильдік Маккаби клубының келуі себеп болған. Фейерверк атып, ұран айтып, палестиналық жалауларды желбіреткен халықты тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолданды. Айта кетейік, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әлемде Израильдің спорттық командалары қатаң сынға алынуда. Мәселен, қазан айында Англияда израильдік футбол клубына қауіпсіздікке байланысты матчқа қатысуға тыйым салынған. Амстердамда да аталмыш Маккаби баскетбол клубының жарысқа келуі наразылық тудырып, тәртіпсіздік жасаған 50-ден астам адам ұсталды.
Тегтер #Италия #Израиль #қақтығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz