RU
Толық нұсқаға өту

Газада бір тәулікте 24 адам қаза тапты

23.11.2025, 11:55 411

Газа секторында Израиль әскери күштерінің соққысынан бір тәулікте 24 адам қаза тапты. Тағы 80 тұрғын түрлі дене жарақатын алды.

Бірінші соққы Римал ауданында тіркелді. Одан кейін Дейр-эль-Балах пен Нусейраттағы екі тұрғын үйге шабуыл жасалып, ондаған адам көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес қираған үйлер астында қалғандарды іздеу жұмыстары басталды.

 2023 жылдың 8 қазанынан бері Израильдің шабуылдары нәтижесінде шамамен 9500 адам хабар ошарсыз кеткен. Сондай-ақ Газа инфрақұрылымының 90%-ы қирады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz