АҚШ Венесуэлаға қарсы әскери қимылдарға көшуі мүмкін. Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі хабарлады. Құрама Штаттар аймаққа әскерін шоғырландыруды күшейте түскен.
Ресми Вашингтон президенті Николас Мадуроның есірткі саудасына қатысы бар деп айыптайды. Алайда ресми Каракас мұны жоққа шығарып, Вашингтон елдегі мұнай қорын бақылауды көздеп отыр дейді. Өңір елдері екі ел арасындағы ахуалға алаңдаулы. Кей әуе компаниялары аймақта ұшуды тоқтатты.
Тегтер #АҚШ #Венесуэла #шиеленісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz