RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Ливанға әуеден соққы жасады

24.11.2025, 07:35 307

Израиль әуе күштері Ливан астанасы Бейрутқа әуе соққысын жасады. Салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 28-і жарақат алды.

Израиль әскерінің өкілі Авихай Адраи шабуыл «Хезболла» ұйымының жоғары лауазымды мүшесі  Хейсем Али Табатабаиға бағытталғанын айтты. Бейрут аспанында ұшқышсыз ұшу аппараттары соққыдан кейін де байқалған. Шабуыл жасау туралы шешімді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, бас штаб бастығы Эял Замир және қорғаныс министрі Исраэль Кац қабылдаған. Екі тарап та бір-бірін атысты тоқтату туралы режимді бұзды деп айыптап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz