RU
Толық нұсқаға өту

Нигерияда 300-ден астам оқушыны ұрлап кетті

24.11.2025, 07:40 351

Нигерияда қарулы топтар мектептен 303 бала мен 12 мұғалімді ұрлап әкетті. Оқиға осы елдің солтүстігіндегі Папири мекенінде болған. Содырлар «Мария» деп аталатын мектепке басып кіріп, ондағы 629 оқушының жартысына жуығын күштеп алып кеткен.

Қазір елде қауіпсіздік мақсатында 50-ге жуық оқу орны жабылды. Кейінгі уақытта Нигерияда қаскөйлердің мектептерге шабуыл жасап, қыз балаларды ұрлауы жиілеген. Өткен аптада Кебби штатында да 25 қыз баланы күштеп алып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz