RU
Толық нұсқаға өту

Женевада Украина бойынша келіссөз басталды

24.11.2025, 07:45 528

Женевада Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөздер басталды. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак хабарлады.

Жиында украин делегациясы Лондон, Берлин және Париждің ресми өкілдерімен кездесті. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та осында. Келіссөз аясында түрлі форматтағы тағы бірнеше кездесу жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі Киевке 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынған. Келіссөздегі басты мәселе осы құжат жөнінде болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz