Малайзияда алапат тасқыннан 11 мың адам зардап шекті. Толассыз жауған жаңбырдан елдің батыс және шығысындағы жеті штатты су шайып кетті. Мыңдаған үй қирап, негізгі жолдар мен көпірлерге зақым келген.
Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары жүріп жатыр. Ол үшін арнайы 60 орталық ашылды. Өйткені қауіп әлі сейілген жоқ. Ауа райын болжаушылардың айтуына қарағанда, сел жүріп, қатты найзағай ойнауы мүмкін. Малайзияда муссондық жауын қазанда басталған еді. Енді қолайсыз күн райы наурызға дейін жалғасуы ықтимал.
Тегтер #Малайзия #тасқын #қауіп #табиғат апаты
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz