Таиландтың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан туристер эвакуацияланды. Демалушылардың басым бөлігі — Малайзия, Сингапур және Индонезия азаматтары.
Стрэйтс Таймс газетінің мәліметінше, оларға уақытша баспана мен азық-түлік ұсынылды. Табиғаттың тосын мінезімен Сонгкхла провинциясының тұрғындары бетпе-бет келген. Онда бір аптадан бері нөсер толастамай тұр. 100-ден астам елді мекенде ішінара жарық өшіріліп, ғаламтор және сумен жабдықтау жүйесі істен шықты. Туристік компаниялар қайық экскурсиялары мен аралдар арасындағы кеме қатынасын тоқтатты. Зиян шеккен аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Тегтер #Таиланд #эвакуация #туристер #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz