Дональд Трамп әкімшілігі мемлекеттік тиімділік департаментін таратып жіберді. Ведомство жұмысын тиісті мерзімінен сегіз ай бұрын тоқтатты. Құрылым жыл басында Илон Масктың жетекшілігімен бюрократиямен күрес және бюджеттік шығындарды оңтайландыру мақсатында құрылған еді.
Көктемде миллиардер ірі қаржылық заң жобасына қатысты Трамппен ортақ шешімге келе алмай, қызметінен кеткен. Осыдан кейін департамент өз ықпалын жоғалта бастады. Енді ведомствоның міндетін ішінара АҚШ-тың кадрлық қызмет басқармасы атқарады.
Тегтер #АҚШ #Илон Маск #ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz