БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеясы жаңа бас хатшы сайлау процедурасын бастады. Ұйым енді әйел үміткерлерге ерекше назар аударады. Өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымын ешқашан әйел адам басқармаған.
Аймақтық теңгерім де сақталуға тиіс. Үміткерлікке БҰҰ-ға мүше елдердан ғана әрі әр мемлекеттен тек бір адам ұсына алады. Сайлаудың негізгі кезеңі шілденің соңында басталады. Бүгінде өз кандидатурасын жария түрде ұсынғандар арасында МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси және ЮНКТАД жетекшісі Ребекка Гринспан бар. Ал қазіргі бас хатшы Антониу Гутерриштің өкілеттігі 2026 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Тегтер #БҰҰ #сайлау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz