Гонконгта көпқабатты үйлерде шыққан өрт сөндірілгенмен, әр жерде әлі де бықсып от шығып жатыр. 44 адамның сүйегі шығарылды, 300-і ұшты-күйлі жоқ.
Тағы 45 адамды күйік шалып, ауыр жарақат алған. Өрт Тай По ауданындағы 8 блокты «Ван Фук» тұрғын үй кешенінде шыққан. Онда шамамен 2 мың пәтер бар. 4 мыңға жуық адам тұрады. Алдын ала ақпар бойынша қазір 700-ден астам адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Қала түні бойы дамыл тапқан жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары 15 сағаттан бері әлі жүріп жатыр.
Эйлин Чжан, полиция қызметкері:
- Өртті сөндіру және құтқару жұмыстары барысында өрт сөндіру қызметі ғимараттың сыртқы қабырғалары қорғаныш торларымен, мембраналармен, су өткізбейтін брезентпен және пластик парақтарымен қапталғанын анықтады. Бұл өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді. Сонымен қатар полиция жүргізген тергеу барысында әрбір қабаттағы лифт холының терезелері көбік материалмен қапталғаны белгілі болды.
Адам өліміне себепші болды деген айыппен 3 адам қамалды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директорлары, біреуі инженер-кеңесші. Ал өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр. Жергілікті полицияның мәліметіне сүйенсек, кешен ішінде полистирол тақташа, бұғатталатын терезелер болған. Соның салдарынан өрт тұтас үйді лезде шарпыған. Ал оның көрші блоктағы үйлерге тарауына бамбук ағаштары әсер етуі мүмкін.
Тегтер #Гонконг #тұрғын үй кешені #өрт #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz