Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 55-ке жетті. Тағы 123 адамның жағдайы ауыр. 300-ге тарта тұрғын із-түзсіз жоғалған.
Қызыл жалын шарпыған Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде шамамен төрт мың адам тұрған. Өрттің қауіп деңгейі ең жоғары, бесінші деңгейге жеткен. Билік 700-ден астам тұрғынды эвакуациялап, уақытша орналастыру орталықтарын ашты. Онда зардап шеккендерге ас-су, жылы киім мен дәрі-дәрмек таратылып жатыр. Адам өліміне себепші болды деген айыппен 3 адам қамауға алынды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директоры, біреуі инженер-кеңесші. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Тегтер #Гонконг #өрт #қаза тапқандар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz