RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда 11 теміржолшыны пойыз басып кетті

27.11.2025, 15:25 337

Қытайда бір топ теміржолшыны пойыз басып кетті. Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Салдарынан 11 адам көз жұмды. Тағы 2 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Апат көрші елдің оңтүстік батысындағы Юньнань провинциясында болды. Жол жөндеуге арналған пойыз теміржол үстінде сейсмикалық қондырғыларды тексеріп жүрген жұмысшыларды мыжып кеткен. Бұл туралы Қытай теміржол мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеп, тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz