Австралияда акуланың шабуылынан бір әйел қаза тапты.
Тағы 1 ер кісі тікұшақпен ауруханаға жеткізіліп, қазір ауыр хәлде жатыр. Оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының жағажайында шомылу кезінде болған. Бұл Сиднейден 300 шақырым қашықта орналасқан. Қазір жағажай уақытша жабылды. Сарапшылар мен арнайы мамандар шабуыл жасаған акуланың қай түрі екенін анықтап жатыр. Биыл мұндай жағдай бесінші рет қайталанып отыр. 3 ай бұрын ғана ер адам дәл осылай акула шабуылынан көз жұмған еді.
Тегтер #Австралия #шабуыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz