RU
Толық нұсқаға өту

Гонконгтегі өртке қатысты үш адам қамауға алынды

27.11.2025, 21:12 332

Гонконгтегі өрттен қаза тапқандар саны 65-ке жетті.

Тағы 123 адамның жағдайы ауыр. 300-ге тарта тұрғын із-түзсіз жоғалған. Қызыл жалын шарпыған Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде шамамен төрт мың адам тұрған. Өрттің қауіп деңгейі ең жоғары, бесінші деңгейге жеткен. Билік жеті жүзден астам тұрғынды эвакуациялап, уақытша орналастыру орталықтарын ашты. Онда зардап шеккендерге ас-су, жылы киім мен дәрі-дәрмек таратылып жатыр. Адам өліміне себепші болды деген айыппен 3 адам қамауға алынды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директоры, біреуі - инженер-кеңесші. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz