Шри-Ланкадағы алапат су тасқыны мен селдің салдарынан кемінде 56 адам опат болды. Тағы 21 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.
Табиғи апаттан Бадулла мен Нувара-Элия қалаларының тұрғындары қатты зардап шекті. 600 мыңнан астам үй бүлінді. Аймақта эвакуациялау жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына мыңдаған әскерилер мен әуе күштері жұмылдырылған. Метеорологтардың болжамынша, дүлей дауыл енді Үндістанға қарай ойысуы мүмкін.
Тегтер #Шри Ланка #табиғи апат #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz