RU
Толық нұсқаға өту

Гонконгтегі өртке байланысты тағы алты адам ұсталды

29.11.2025, 10:00 420

Гонконгтегі алапат өртке қатысты тағы 6 адам ұсталды.

Жалпы 8 күдікті қамауға алынған. Олардың қатарында инженер-кеңесші, қосалқы мердігер мен делдалдар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешеніндегі жөндеу жұмыстарына қатысқан мердігерлерді тексеріп жатыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда жалын құрылыс материалдары уақытша орналастырылатын ғимаратта тұтанған. Өрт көзді ашып жұмғанша 32 қабаттан тұратын сегіз үйдің жетеуіне тарап үлгерген. Кейінгі ақпарат бойынша 128 адам көз жұмды. 200-ге жуық тұрғын із-түзсіз жоғалған. Тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz