RU
Толық нұсқаға өту

Луврға кіру бағасы қымбаттайды

29.11.2025, 10:25 433

Келесі жылдың қаңтарынан бастап Париждегі Лувр мұражайына Еуропадан тыс елдерден келетін туристер үшін билет бағасы 45 пайызға қымбаттайды.

Дәлірек айтқанда, 22 еурoдaн 32 еуроға өспек. Бұл туралы мұражай әкімшілігі хабарлады. Мамандар жаңа баға жылдық табысты 23 миллион АҚШ долларына дейін өсіреді деп болжап отыр. Түскен пайда ғимаратты жөндеуге, сондай-ақ қауіпсіздікке бағытталмақ. Луврмен қатар Гарнье операсы және Версальдағы Корольдік опера да шетелдік туристер үшін кіру құнын көтермек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz