Қазақстандық өнім Түркияда халықаралық «Халал» сертификатына ие болды.
Отандық кәсіпорын құжатты Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан «Халал ЭКСПО» көрмесінде алды. Ауқымды іс-шараға әлемнің әр түпкірінен 500-ден аса компания қатысып жатыр. Өз жобасын ұсынғандар қатарында қазақстандық дизайнерлер де бар. Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген, қыз-келіншектерге арналған шапандар қонақтар назарын аударды. Іс-шара аясында отандық бірлестіктер шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізіп, бірқатар келісімге қол қойды. Биыл әлемдік халал индустрия нарығының тауар айналымы 2,5 триллион долларға жетті.
Римма Тәжібаева, компанияның атқарушы директоры:
- Бүгінгі таңда ғылыми қордың бізді қолдауының арқасында 26-дан астам өнім алып келіп отырмыз. Бірнеше институттармен бірлесе жасаған инновациялық өнімдер. Макарон өнімдерінен бастап лапша, кеспе және ұн өнімдерін де шығара бастадық. Бірінші біздің презентациямызды осы Ыстамбул қаласынан, Халал Эксподан бастап жатырмыз.
Раушан Әнуарбекова, киім дизайнері:
- Келушілер тарапынан өте көп қызығушылық болып жатыр. Бұл қай мемлекет, бұл Қазақстан ғой, не деген керемет деген сөздерді естіп жатырмыз. Сән әлемінде әртүрлі іс-шараларға қатысып, қазақ ханымдарының сұлулығы көрсетіміз, өзіміздің мәдениетімізді көрсетеміз әжелер арқылы. Сол себепті біздің жобамыз әлемді таң қалдырған әжелер деп аталады.
Тегтер #Қазақстан #өнім #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz