RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда роботтарға арналған оқу орыны ашылды

30.11.2025, 12:00 435

Қытай елінде роботтарға арналған оқу орыны ашылды.

Мұнда адамға ұқсас құлтемірлер білім алады. Инструкторлар оларды өндіріс орындарында, күнделікті тұрмыс-тіршілікте, медицина мен ауыл шаруашылығы саласына икемдеп дайындықтан өткізеді. Киім жинап қоқыс шығарудан бастап, жүк көтеру, көлік құрастыру, электронды құрылғылар жасауға машықтайды. Қызмет көрсетудің 20 шақты түрін үйреніп шығады. Мамандардың айтуынша, оқу орнында білім алған роботтар берілген тапсырманы 95 пайыз дәлдікпен орындай алады. Кейінгі кезде сұраныс артып, кәсіпорындар роботтарын жетілдіру үшін оқуға жиі беретін болған. Айта кету керек, Қытай бүгінге дейін 10 миллионнан астам робот шығарып, әлемдегі ең ірі робот өндіруші елге айналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz