Президент Владимир Зеленскийдің ең ықпалды серігі, Президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак отставкаға өтініш берді.
Шешім жұма күні оның үйінде тінту жүргізгеннен кейін қабылданды. Іс энергетика саласындағы жемқорлықпен байланысты болып отыр. Жанжалға қатысты Әділет және энергетика министрлері қызметінен кетті. Қарашаның ортасында Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы энергетика саласындағы заңсыз келісімдерді талқылаған аудиожазбаларды жариялады. Онда адамдар бір-бірін лақап аттармен атайды. Сол аудиодағы тұлғалардың бірі Андрей Ермак болуы мүмкін деген күдік бар. Оқиғадан кейін Президент Зеленский халыққа үндеу жолдап, оның отставкаға өтініш бергенін және президент әкімшілігі қайта жасақталатынын жеткізді.
Тегтер #Украина #саяси дағдарыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz