Гонконгте тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты іс бойынша 11 адам қамауға алынды.
Тергеу оқиғаны немқұрайлылықтың және сыбайлас жемқорлықтың салдары болуы мүмкін деп отыр. Алдын ала тергеу нәтижелері кешендегі өрт дабылы жүйесінің ақаумен жұмыс істейтінін көрсеткен. Бұған дейін кеңесші-инженер, қосалқы мердігер және бірнеше құрылыс делдалы ұсталған еді. Еске сала кетейік, тілсіз жау 31 қабатты ғимараттың төртінші қабатында басталып, қатты желдің салдарынан ғимарат қасбетіне жылдам жайылып, көрші сегіз көп қабатты үйге тараған. Өртке бесінші, яғни ең жоғары қауіптілік санаты берілді. Жалын 40 сағат бойы басылмай, 128 адамның өмірін қиды. Тағы 200-ден астам адам іздестіріліп жатыр.
Тегтер #Гонконг #өрт #адам #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz