Шри-Ланкада «Дитва» циклоны тудырған су тасқыны мен көшкін салдарынан опат болғандар саны 153 адамға жетті.
Тағы 203 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында. Табиғи апаттарды басқару орталығының мәліметінше, 78 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Олар үшін 800 көмек көрсету пункті ашылды, олардың басым бөлігі мектеп ғимараттарында орналасқан. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Аймақта дауылдың күшею қаупі әлі сақталып тұр.
Тегтер #Шри Ланка #дауыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz