RU
Толық нұсқаға өту

Қырғызстанда әр төртінші азамат Жогорку Кенештің кезектен тыс сайлауында дауыс берді

30.11.2025, 18:40 563

Қырғызстанда тізімге енген әр төртінші азамат Жогорку Кенештің кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. 

Жалпы сайлаушылар саны 4 млн 200 мыңнан асады. Көрсеткіш 2021 жылғы парламенттік сайлаумен салыстырғанда 3 пайызға өскен. Бұл жолы азаматтық борышын өтегендердің саны 200 мыңға көбейген.

Айта кетейік, Қырғызстандағы сайлауды бақылаушылар арасында қазақстандық делегация, яғни Сенат пен Мәжіліс депутаттары және Орталық сайлау комиссиясының басшылығы бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Заманауи техникаларды да пайдаланып жатыр екен, біз үшін ол да қызық. Өзіміз көріп, түйіп жатырмыз. Қырғызстандағы сайлау комиссиялары үлкен белсенділікпен өздерін таныта білді. Мүгедектігі бар адамдар, жастары келгендер, үйден дауыс беретіндер қатысты. Тіпті нақты бір учаскеге бармай ақ, қашықтан дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бізді қуантады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz