Газа секторында бейбіт тұрғындардың өлімі тыйылар емес. Израиль оқ атпау режимін сақтамай отыр. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Тель-Авивті осылай деп айыптады.
Оның сөзіне қарағанда екі жақ бейбіт келісімге келгелі жүздеген палестиналықтың өмірі қиылды. «Ал ХАМАС уағдаласқан бойынша талаптарды мейлінше орындап келеді», – дейді Түркия басшысы.
Тараптар 10 қазанда бейбіт келісімге қол қойды. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша содан бері 354 палестиналық бақилық болған.
Тегтер #Ердоған #Израиль #Палестина #Газа секторы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz