Шри-Ланкада «Дит-ва» циклоны тудырған тасқыннан опат болғандар саны 410 адамға жетті. Тағы 336 адам жоғалғандар қатарында. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайларды басқару орталығы мәлімдеді.
Жергілікті тұрғындар ауыз сусыз қалды, ал азық-түлік пен көкөніс бағасы күрт өскен. Саудагерлер бағаның өсуін, көшкіннің егін алқаптарын шайып кетуімен түсіндірді. Мамандар аймақтағы тасқын суының жиналып тұруы, түрлі ин-фекциялық аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін деп ескертеді. Қазір елде мыңға жуық көмек көрсету пункті жұмыс істеп тұр. Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Тегтер #Шри Ланка #дауыл #опат болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz