RU
Толық нұсқаға өту

Путин Мәскеуде Уиткоффпен кездесті

02.12.2025, 23:04 335

АҚШ президентінің арнайы өкілі Мәскеуге барды. Мақсат  Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын талқылау. Қазір Владимир Путин, Стив Уиткоффпен Кремльде келіссөз жүргізіп жатыр.

Кездесуге белгілі кәсіпкер әрі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер де қатысуда. Делегаттар АҚШ-тың бейбіт жоспарын жеткізді. Құжат бірнеше күн бұрын Майамиде өткен АҚШ пен Украина келіссөздерінен кейін өзгертілген. Алғашында 28 тармақтан тұрған жоспар қайта өңделіп, 19 тармаққа қысқарды. 

Айта кетейік, бұл Стив Уиткоффтың Мәскеуге биыл алтыншы рет баруы. Сарапшылар: «Қорытынды шешім жайлы айту ерте», - дейді. Алайда келіссөздердің жалғасуы бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам деп бағалап отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz