Гонконгтегі өрттен қаза тапқандар саны 156-ға жетті. Құтқарушылар тағы бес тұрғынның мәйітін тапты.
Полицияның дерегі бойынша 127 адамның жеке тұлғасы анықталған. Тергеу жұмыстары бойынша өрттің жылдам таралуына жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасының өрескел бұзылуы себеп болған. Қазір 15 күдікті қамауға алынды. Оларға абайсызда адам өлтірді деген айып тағылды. Ұсталғандар арасында құрылыс компаниясының иелері мен қызметкерлері, кеңесшілер және қосалқы мердігерлер бар.
Тегтер #Гонконг #өрт #қаза тапқандар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz