Испания парламентінің төменгі палатасы үкіметтің 2026 жылғы бюджетін қабылдамай, кері қайтарды. Оған депутаттар арасындағы саяси тартыс пен көзқарас қайшылығы себеп. Санчес үкіметінің ұсынған бюджетін оңшыл, солшыл және аймақтық партиялармен бірге консервативті күштер де қолдамай, қарсы дауыс берген. Олар бюджет өңірлердің сұранысын ескермейді, шығындар нақты емес және басымдықтар айқындалмаған деп санайды.
Жоспар бойынша үкіметтің шығыны 216,2 миллиард еуроны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,5% өсім қарастырылған еді. Алайда, Испания соңғы екі жыл бойы мемлекеттік бюджетті бекіте алмай, 2023 жылғы қаржы жоспарын өзгеріссіз қолданып келеді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл елдегі саяси келіссөздердің әлсіздігін көрсетеді әрі экономикалық жоспарлауға кедергі келтіреді, ал қаржы министрінің мәліметінше, 2026 жылға арналған жоспар жаңа жылдың алғашқы айларында парламентке қайта қарауға ұсынылмақ.
Тегтер #Испания #бюджет #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz