RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда су тасқыны 700-ден астам адамның өмірін қиды

04.12.2025, 07:30 407

Индонезияның Суматра аралында болған алапат су тасқыны 700-ден астам адамның өмірін қиды. Аймаққа гуманитарлық көмек жетпей жатыр. Жанармай таусылуға жақындады, тұрғындар таза су тапшы болғандықтан, лай суды ішіп күнелтіп отыр. Бұл жергілікті шенеуніктердің мәлімдемесі.

Бірақ соған қарамастан Индонезияның орталық билігі әлі төтенше жағдай жариялаған жоқ. Президент Прабово Субианто жағдай жақсарып келеді деп есептейді. Оның баспасөз хатшысы үкіметтің құтқару жұмыстарына арналған қоры шамамен 30 миллион доллар деп хабарлады. Билік бұл қаражат жеткілікті екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz