RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ есірткі саудагерлеріне қарсы операцияны күшейтті

05.12.2025, 09:15 427

АҚШ есірткі саудагерлеріне қарсы операцияны күшейтті. Тынық мұхитының шығысында күдікті кемеге жойқын соққы жасады. Пентагонның мәліметі бойынша 4 есірткі тасушының көзі жойылған.

Құрама Штаттар қарулы операция бастағалы 21 су көлігін бомбалап, 80-нен аса адамды мерт қылды. Вашингтон Латын Америкасындағы қылмыстық топтарды Президент Мадуроның өзі басқарады деумен келеді. «Сондықтан Венесуэла басшысы өз еркімен биліктен кетсін», ؄ дейді. Қазір бұл елді мыңдаған америкалық сарбаз бен ондаған әскери кеме қоршап тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz