RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда әуе рейстері тоқтап тұр 

06.12.2025, 09:10 386

Үндістанда Индиго әуе компаниясы кейінгі бірнеше күнде шамамен 500 рейсті тоқтатты. Жағдай төрт күн бойы өзгермей тұр.

Нью-Дели, Мумбай, Ахмедабад және Хайдарабад әуежайларында жүздеген жолаушы сапарынан қалып қойды. Компания мұны ұшқыштардың жетіспеуімен түсіндірді. Жаңа ережелерге сәйкес түнгі ауысымдар қысқарып, ұшқыштардың демалыс уақыты ұзартылған. Кесте шамамен 10-шы ақпанға қарай толық қалыпқа келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz