АҚШ билігі Ливанға 90 млн доллар көлемінде жаңа әскери көмек беретінін мәлімдеді.
Қаржы араб елі сарбаздарының біліктілігін арттыруға, шекара күзетін күшейтуге, сондай-ақ лаңкестік әрекеттерге қарсы жұмсалмақ. Вашингтон бұл шешім Ливан армиясының қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Трамп әкімшілігі елді үшінші мәрте әскери құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп отыр. Оған дейін Ливан 230 млн доллар көлемінде қолдау алған.
Тегтер #АҚШ #Ливан #әскери көмек #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz