Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздерде тараптар екінші кезеңнің шарттары бойынша келісімге келе алмай отыр. Бұл туралы Қатар премьер-министрі шейх Мухаммед бин Абдель Рахман Аль Тани мәлімдеді.
Оның айтуынша, келісімнің шарттары толық орындалмаған. Екінші кезең шарттарына жаңа басқару механизмін құру, ХАМАС-ты қарусыздандыру және халықаралық тұрақтандыру күштерін енгізу шаралары бар. Бітім күшіне енгелі бері Израильге 20 тұтқын мен 27 адамның мүрдесі қайтарылған.
Тегтер #Газа #Катар #премьер министрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz