RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ шетелдік туристердің желідегі парақшаларын тексереді

10.12.2025, 20:30 258

АҚШ билігі шетелдік туристерді елге кіргізбес бұрын олардың әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеруі мүмкін.

Бұл туралы Нью Йорк Таймс басылымы мәлімдеді. Кеден және шекара қызметі ұсынған жаңа ереже америкалық визасыз кіру бағдарламасына қатысатын мемлекеттерге, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция, Германия және Оңтүстік Корея сияқты 42 елдің азаматтарына қатысты болмақ. Саяхатшылар әлеуметтік желідегі кейінгі бес жылда жариялаған жазбаларын көрсетуге міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ кейінгі 10 жылдағы электронды пошта мекен-жайларын, туыстарының аты-жөні мен тұрғылықты жерлерін ұсынуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz