RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан - Түркия: білім берудегі ынтымақтастық

10.12.2025, 20:45 352

Қазақстан мен Түркияның жоғары оқу орындары жасанды интеллектіні дамыту мен зерттеуге қатысты  ортақ жобаларды қолға алады.

Бұл туралы Ыстанбұлда жергілікті университет басшыларының қатысуымен өткен басқосуда айтылды. Түрік ғалымдары ғылым мен технологияны дамыту, өнеркәсіпті цифрлық жаңғырту тетіктерін талқылап, жан-жақты зерттеу мәселелеріне тоқталды. Жиынға қатысқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл ректорларға еліміздің білім беру саласындағы реформаларының нәтижелерін баяндады. Басқосуда тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.

Ахмет Жеват Ажар, Сабахаттин Заим атындағы университет  ректоры:

- Бауырлас Түркия мен Қазақстан арасында әр салада ынтымағымыз тереңдеп келе жатқанына қуанамыз. Бұл екі ел үшін де өте пайдалы. Оның ішінде білім беру саласында, университеттер арасындағы қарым-қатынастың болашағымыз үшін берері мол. Себебі білімді жастардың көбеюі еліміздің дамуы үшін өте маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz