АҚШ қорғаныс саласына 900 млрд доллар қаржы бөледі. Бұл рекордтық көрсеткіш. Өкілдер палатасы келер жылға арналған қорғаныс саясаты туралы заң жобасын қабылдады.
Құжатқа сәйкес билік Қытайдың әскери қуатын арттыруға ықпал ететін америкалық компаниялардың инвестицияларын тексереді. Сондай-ақ Украинаға екі жылда 800 миллион доллар, Латвия, Литва және Эстония қорғанысын қолдауға 175 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек беруді көздейді. Бұған қоса, АҚШ Израильдің зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламаларын толық қаржыландыруға ниетті. Заң жобасына Еуропадағы американың әскер санын қысқартуға тыйым салатын тармақ та енгізілген. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.
Тегтер #заң жобасы #АҚШ #бюджетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz