RU
Толық нұсқаға өту

Италия фемицидті ең ауыр қылмыс санатына жатқызды

12.12.2025, 09:25 587

Италия парламенті фемицидті яғни әйелдерді оның жынысына бола өшпенділік негізінде өлтіруді ең ауыр қылмыс деп таныды.

Сөйтіп қасқөйлерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды заңмен бекітті. Бұл шешім құқықтық тұрғыда Еуропада әдетте қолданылмайтын қатаң ұстанымдардың бірі. Енді зорлық фактісі тіркелген сәттен бастап, полицияның әрекет ету тәртібі, прокурордың істі қарауы, қауіп-қатерге ұшыраған қыз-келіншектерді дереу қорғауға алу сияқты іс-әрекеттердің барлығы жедел іске асады. Ал фемицидтің алдын алу үшін сталкинг, қоқан-лоқы көрсету сынды зорлықзомбылыққа әкелуі мүмкін қылмыстарды дереу әшкерелеуге басымдық беріледі. Заңның биыл қабылдануы бекер емес, өйткені былтыр Италияда 104 әйел осы қылмыстың құрбаны болды. Олардың басым бөлігі күйеулерінің қолынан мерт болған. 

Беатрис Гарсия, үкіметтік емес ұйым мүшесі:

- Испанияның да белсенділері ұзақ уақыттан бері фемицидті айқындайтын заң тармағының қабылдануын талап етіп келеді. Әйелдерге қарсы жасалатын бұл қылмысқа нақты анықтама беріліп,  қатаң шара қолданбаса, жағдай өзгермейді. Бізге зорлықтың барлық түрін ерте анықтап, алдын алуға арналған нақты құқықтық құралдар қажет, тек сол арқылы әйелдердің өмірін қорғай аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz