Индонезияның Суматра аралында су тасқыны мен көшкіннен опат болғандар саны мыңнан асты. Тағы 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Табиғи апат қараша айынан бері толассыз жауған жауын-шашыннан туындаған. Нөсер салдарынан сел жүріп, 150 мыңнан астам тұрғын үй, сондай-ақ жолдар мен инфрақұрылым нысандары бүлінді. 1,2 миллион тұрғын уақытша баспанаға көшуге мәжбүр болды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары апаттан кейін қалпына келтіру шараларына қажет қаражат 3 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Тегтер #Индонезия #су тасқыны #опат болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz