Киевке қауіпсіздік кепілдігі берілсе, Украина НАТО құрамына ену ниетінен бас тартады.
Бұл туралы Владимир Зеленский Берлиндегі кездесуде айтты. Оның сөзінше, Украинаның Солтүстік Атлант Альянсына қосылуын ұйымға мүше өзге мемлекеттер қолдамайды. Сондықтан Зеленский НАТО ұсына алатын қауіпсіздік кепілін АҚШ, Еуроодақ, Канада, Жапония тарапынан қабылдауға дайын екенін жеткізді. Украинадағы қақтығысты тоқтатуға арналған Берлиндегі кездесуге АҚШ-тың Таяу Шығыстағы елшісі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер арнайы келді. Келіссөздер Германия канцлері Фридрих Мерцтің төрағалығымен өтті. Стив Уиткофф қол жеткізілген нәтижелерге оң баға беріп отыр. Бүгін Германияға Еуропа елінің өзге көшбасшылары жиналады.
Тегтер #Украина #НАТО #24KZ #Украинадағы қақтығыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz