Бразилияда мыңдаған адам экс-президент Жаир Болсонарудың жаза мерзімінің қысқаруына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Тиісті заң жобасын Конгресстің төменгі палатасы мақұлдады. Қазір құжат Сенаттың қарауында.
Бекітілген жағдайда түрмеде отырған Болсонарудың жаза мерзімі 2 жылдан астам уақытқа дейін қысқаруы мүмкін. Бұрынғы мемлекет басшысы 2022 жылғы сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін билікте қалуға талпынғаны үшін 27 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол сондай-ақ қарулы қылмыстық топты ұйымдастырып, билікті күштеп құлатуға әрекеттеніп, мемлекеттік органдарға шабуыл жасады деп айыпталған. Жаир Болсонару 2019 жылдан 2022 жылға дейін Бразилия президенті қызметін атқарды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конгресс #Бразилия #шеруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz