RU
Толық нұсқаға өту

Иракта құрғақшылық күшейді

17.12.2025, 13:52 347

Иракта құрғақшылық күшейіп барады. Биылғы климаттық өзгерістердің әсерінен астық көлемі 30–50 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

Евфрат өзені тартылып, жергілікті диқандар егіс алқаптарын азайтып жатыр. Елдегі су қоры 2020 жылы 60 миллиард текше метр болса, қазір 4 млрд-тан да төмен деңгейге түскен. Салдарынан елде күріш егуге толықтай тыйым салынған. 170 мыңнан астам ауыл тұрғыны қонысын тастап кетіп жатыр. БҰҰ деректеріне сәйкес, Ирак бүгінде климаттық қауіп-қатер деңгейі бойынша әлемде алғашқы бестікке кіреді. Мамандар мұның салдары Таяу Шығыстағы астық өндірісінің қысқаруына алып келіп, әлемдік нарықтағы бағаға да әсер етуі мүмкін дейді.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz