Үндістанда ауаның ластану деңгейі қалыпты мөлшерден асып кетті.
Елде әуе қатынасы да тоқтап тұр. 250-ге жуық рейс кешігіп, 22 ұшақ ұша алмады. Ауа сапасы кейінгі аптада тіпті нашарлаған. Әсіресе Нью-Делидегі ахуал күрделі. Тұмшалаған қою түтіннен зардап шегіп отырған халық көп. Ел астанасындағы ауа сапасының индексі қалыпты жағдайдан 30 есе асып кеткен. Қазір мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. Билік тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Үндістан #экология #лас ауаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz