Тарихта алғаш рет арбада отырған адам ғарышқа ұшты. Сал ауруына шалдыққан неміс инженері мен тағы 5 жолаушының сапары 11 минутқа созылған.
Америкалық Blue Origin компаниясы Микаэла Бентхаустың өздігінен капсулаға кіріп-шығуына көмектесетін жерүсті қолдау жабдығын қосқан. 7 жыл бұрын омыртқасын жарақаттап алған Микаэла бұл тәжірибені өміріндегі ең керемет сәт деп атады. Қазір ол мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғап, ғарышқа ұшу мүмкіндігін кеңейтуді мақсат етіп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ғарыш #инженер #жолаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz