RU
Толық нұсқаға өту

Таиланд Камбоджаны келісімге шақырды

22.12.2025, 08:53 320

Таиланд Камбоджамен атысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын. Бұл шешім ертең Куала-Лумпурда өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде келісілуі мүмкін. 

Бұл орайда Үкімет өкілдері кездесу емес, шекарадағы шиеленісті тоқтату жөнінде нақты келісімге келу маңызды екенін айтады. Екі ел арасындағы жағдай 7 желтоқсанда қайта ушықты. Тараптар бір-бірін арандатушылыққа барды деп айыптап отыр. Әскерилер мен бейбіт тұрғындар арасында ондаған адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды. Осы қақтығыстар салдарынан қос мемлекеттің жарты миллионнан астам азаматы үй-жайын тастап, босып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz